Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК қылмыс әлемінде танымал "Серік Голованың" ұсталған сәтінен видео ұсынды

Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше күн бұрын "заңдағы ұры" Серік Жаманаевты құрықтады. Арнайы операция кадрлары желіде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ҰҚК видеосынан кадрлар
Фото: ҚР ҰҚК видеосынан кадрлар: Depositphotos

ҰҚК өз Instagram желісіндегі ресми парақшасында қылмыс әлемінде "Серік Голова" лақап атымен танымал Жаманаевтың ұсталған сәтінен видео ұсынды.

Қылмыс серкесімен бірге уақытша ұстау изоляторына тағы 6 азамат қамалды. Олар ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде. ҰҚК қызметкерлерінің тінтуі барысында қару-жарақтар, автоматтар мен тапаншалар, жарылғыш гранаталар, пышақтар мен оқ өткізбейтін кеудеше тәркіленді.

Одан бөлек, арнайы қызмет қомақты ақша сомасын анықтады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпарынша, бұл Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқаның мүлкін иемденгенін растайды.

Істі тергеу жұмыстарымен ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі өкілдерінен тұратын арнайы топ айналысып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Тараздағы деструктивті діни ағым өкілдерін тұтқындағанын хабарлады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839624-kk-kylmys-leminde-tanymal-serik-golovany-stalgan-stinen-video-syndy/

pixel