RU
Қарағанды облысында прокурор орынбасарын көлік қағып өлтірді

Қарағанды облысында прокурор орынбасарын көлік қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда Октябрь ауданының жарықсыз бөлігінде жаяу кетіп бара жатқан Қарағанды облысы Осакаров ауданы прокурорының орынбасарын көлік қағып өлтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Белгілі болғандай, Жандос Шәменов қайғылы жағдайдың алдында мейрамханадан шығып, Майқұдықта тұратын туыстарына жаяу бармақ болған.

Көптеген учаскеде айналып өтетін жол шамдармен жарықтандырылмайды. Сол жерден өтіп бара жатқан Toyota Carina жүргізушісі ауыр жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Осакаров ауданы прокуратурасында Жандос Шәменовтің жауапкершілігі мол болғанын айтты.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінде хабарлағандай, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол ҚР Қылмыстық кодекстің 345- бабы 3- бөлімі бойынша сарапталуда.

"Тергеу аясында бірқатар сараптама тағайындалды. Нәтижесінде қорытынды процессуалды шешім қабылданады", - деді өңір полициясында.

Айта кетейік, Польшаның Гожув-Велькопольски қаласында бір көзі көрмейтін жан көлік қағып кеткеннен кейін толықтай көре бастаған. Ол ауруханада ем алып жатқан кезде жанарының оралғанын сезіпті. Қазіргі таңда Януш Горай өзіне ота жасалған ауруханаға күзетші болып жұмысқа тұрған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel