RU

Коронавирустан көз жұмғандар саны 562 адамға жетті

Telegram logo VKontakte logo

Аспан асты елінде жаңа қытай вирусын жұқтырғандардың саны 27,4 мың адамнан асты. Соңғы тәулік ішінде тағы 70 адам қайтыс болғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, қайтыс болғандар саны жетпіс адамға жеткен.

Осылайша, коронавирус дерті 562 адамның өмірін қиды деп жазады ТАСС қытайлық БАҚ-қа сілтеме жасап.

1 135 науқастың сауыққаны да белгілі болды.

Басылымының мәліметінше, көз жұмғандардың басым бөлігі Хубей провинциясының тұрғындары.

Аталған өңірде коронавирустан 549 адам көз жұмған.

Айта кетейік, осыған дейін ҚХР аумағында тараған жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны 492 адамға жеткенін хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, күні кеше елордада 14 қаңтар күні Қытайдан ұшып келген студенттің ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Жас жігіттен жаңа коронавирустың белгілері байқалған.

Дегенмен кейін сараптама нәтижелері шығып, одан вирус анықталмағынын көрсетті. Белгілі болғандай студент ЖРВИ-мен (Жіті респираторлық вирустық инфекция) ауырған, ал уақытылы емделмегеннің салдары бронхит түріндегі асқынуға әкелген.

Атап өтейік, Ухань қаласынан Қазақстанға оралған студенттерден де коронавирус анықталмады. Дегенмен хаттамаға сәйкес, олар 16 ақпанға дейін карантинде болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Коронавирустан көз жұмғандар саны 562 адамға жетті