Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында зорланған мектеп оқушысы шындықтың бетін енді ашқан

Опубликовано:

Түркістан облысында осыдан екі жыл бұрын зорландым деген оқушы ақиқатын жұртқа енді жариялады. Ол анасына мектеп дәретханасында өзінен жоғары сыныпта оқитын балалар жыныстық сипаттағы күш қолданғанын айтып берген. Анасы полицияға арыз жазғанмен, артынан жан-жақтан қысым көріп, Алматыға қашып келген көрінеді. Ал жабылған іс қоғам белсенділерінің араласуымен бүгінде қайта қозғалып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр КТК арнасы
Видеодан кадр КТК арнасы: Instagram

Зәбір көрген жеткіншек ішке тұншыққан ойын екінші рет зорланғанда ғана анасына айтқан.

"Мектеп дәретханасында оған сегіз бала қысым көрсеткен. Ұлымның айтуынша, арасындағы біреуі зорлық жасап, қалғаны "аузыңды ашатын болсаң, көресіні көрсетеміз" деп аяусыз ұрып-соққан. Сорақысы сол, бұл жайт араға ай салып қайта қайталанды. Арыз жаздым. Бірақ кейін түрлі қысым болды. Ауыл ақсақалдарына дейін "арызыңды ал" деп араласқан соң, Алматыға кетіп қалдық", - дейді жәбірленушінің анасы.

Еліміздің бала құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин жәбірленуші істің қалай жүріп жатқанына тоқталды.

Аружан Саин. Кадр КТК арнасы
Аружан Саин. Кадр КТК арнасы: Instagram
"Біздің заңгерлер баланың анасына Бас прокуратура, ішкі істер министрлігіне, президент әкімшілігіне арыз жазуға көмектесті. Содан соң бұл іс қайта жанданып, ауданнан облыстық полиция департаментіне өтті. Одан бері бір жарым жыл өтті. Бізге осындай зорлық құрбандары, куәлерді қорғайтын арнайы бағдарлама қажет. Қақпаған есігіміз қалмады. Осы оқиға бойынша әділетке еш қол жеткізе алмай келеміз", - дейді ол.

Түркістан облыстық полиция департаменті бар жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді.

Құзырлы орган істің о баста жабылуын анасы баласының сөзін жоққа шығарып, арызды қайтып алғанымен байланыстырады.

"Сол күні кәмелетке толмаған баланың анасы өз қолымен қылмыстық істі тоқтау туралы өтініш жазып, қандай да бір сот сараптамасын өткізуден бас тартатыны туралы арыз жазған. Сот-медициналық сарапшыларының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денесінде қандай да бір дене жарақаты анықталмаған", - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Салтанат Қаракөзова.

Бұл іске байланысты мектеп директоры Бұқарбай Әлімбаевта өз пікірін білдірді. Оның сөзінше, оқушының өзін қорлағандарды "көрсет" дегенде, ешкімді атап көрсете алмаған.

Тіпті, сабаққа бармау үшін "осындай өтірік айтуы мүмкін" дейді директор.

"Тергеу амалдарының барысында мектептің көрсеткен оқушылары, жоғары сынып оқушылары 8-9-10 сынып оқушылары көзсізден өткізіліп, оның ішінде "мына бала" деп ешкімді атап көрсете алмады. Мүмкін ол ата-анасынан қорыққанынан айтқанынан болуы мүмкін, "мені зорлады" деп. Әйтпесе мектепте бір дәліздің бойында, қуыста қалып кететін бала жоқ", - деді директор.

Ал жәбірленушінің анасы оқу орны басшысының сөзіне мүлде келіспейтінін білдірді. Ол ұлының сабаққа бармау үшін "зорлады" деп өтірік айтуы еш қисынға келмейтінін жеткізді.

Ал іс қайта қозғағалы арада бір жарым жыл өткенмен, сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Айта кетейік, бұған дейін Таразда мектеп оқушысының дәретханада зорлану оқиғасына байланысты облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ аталған қайғылы оқиғадан кейін Тараз полициясының бірнеше қызметкері жазаланған болатын.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушысының сабақ кезінде даладағы әжетханада зорлануы оқиғасынан кейін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды бұйырды. Қоғамды дүр сілкіндірген жағдайдан кейін президент Жамбыл облысының әкіміне сәйкес тапсырма берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1839640-trkistan-oblysynda-zorlangan-mektep-okusysy-syndykty-betin-endi-askan/

pixel