Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстанда 40 жастан асқан ер адамдарға шашын қара түске бояуға тыйым салынды

Опубликовано:

Түркіменстанның Лебап Уәлаятының мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарында 40 жастан асқан ер азаматтарға шаштарын қара түске бояуға тыйым салынды. Сондай-ақ, шашының табиғи түсі қара болып келетін адамдар да шаштарын ақ түске бояуға міндеттелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаттық радиосының түркімен қызметіне сілтеме жасап.

Түркіменстанда 40 жастан асқан ер адамдарға шашын қара түске бояуға тыйым салынды
Көрнекі фото: theopenasia.net: UGC
"Түгелдей дерлік бейінді мекемелерде, солардың ішінде мектептерде, денсаулық сақтау мекемелерінде ақ шашты жасыру үшін оны қара түске бояйтын қызметкерлерден шаштың табиғи түсін қайтару талап етілді. Бұл талап 1 ақпанда пайда болды", - деп хабарлады қауіпсіздік тұрғысынан анонимді жұмыс істейтін тілші.

Фарап этрапындағы бюджеттік ұйымдардың бірнеше қызметкерлері, мектеп мұғалімдері және медициналық қызметкерлерге әңгімелескен басылым тілшісінің мәліметінше, бұл тыйым туралы ауызша ескертілген.

Ол сондай-ақ, мемлекеттік ұйым басшылары мұны президент Гурбангулы Бердымухамедовтың ағарған шашымен байланыстырып отырғанын атап өтті.

"Мекеме басшылары, егер Лебапскіге Аркадаг келсе, онда онымен кездесуге негізінен ақ шашты ер азаматтар жіберіледі", - дейді тілші Фарап этрапы қызметкерлерінің сөзіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметкерлер кезінде Бердымухамедов шашын бояғанда, олар да ағарған шашты жасырып жүруге міндетті болғанын, ал енді адамдарға мүлде теріс талап қойылғанын айтып, шамданды.

"Қазір шашын қара түске бояйтындар көп. Себебі екі жыл бұрын мемлекеттік мекеме басшылары ақ шашты қызметкерлерден шаштарын бояуды талап еткен. Адамдар жұмысынан шығып кетуге қорқып, шаштарын бояуға келісті. Ал енді шаштары табиғи қара түсті азаматтар шаштарын ақ түске бояуға міндетті", - дейді Фаряп тұрғыны.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Гурбанулы Бердымұхамедовтың дүниеден озғаны туралы хабар желіде кеңінен тараған еді.

Алайда көп ұзамай президенттің өлімі туралы қауесеттерді таратқандар ұсталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839646-trkimenstanda-40-zastan-askan-er-adamdarga-sasyn-kara-tske-boauga-tyjym-salyndy/

pixel