Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да шетелдік көлігін уақытша тіркеген алғашқы азамат белгілі болды (фото)

Опубликовано:

Ақпан айынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көлік құралдарын елімізде уақытша тіркеу басталғаны белгілі. 5 ақпанда өз темір тұлпарын уақытша тіркеген алғашқы батысқазақстандық анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Фото: Хабар24
Фото: Хабар24: Depositphotos

БҚО-да көлігін алғашқы болып тіркеген жанның есімі - Әнуар Шаймарданов. Ол Бәйтерек ауданының тұрғыны.

2019 жылғы көлікті былтыр қараша айында сатып алыпты. Техникаға әлі екі жыл болмағандықтан, бастапқы тіркеу алымы 660 теңгеге шыққан.

Көлік Ресейден кіргендіктен, кедендік баж салығы да салынбайды екен. Енді ол бір жыл ішінде утилизациялық алымды төлеп, көлікті тұрақты тіркеуге қоймақ ниетте.

"Көлікті мен қаладан алдым. Енді оны өзіме аударуға, қазақстандық нөмірге әзірге ақшам жоқ. Сондықтан уақытша тіркеуге қойып жатырмын", - дейді Бәйтерек ауданының тұрғыны Әнуар Шаймарданов.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысына соңғы екі жылда Ресейден 40 мыңнан аса көлік кірсе, ал Армениядан мың жарымдай автомобиль әкелініпті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда шетелден әкелінген алғашқы көлік тіркелгені хабарланған. Бұл көлік те Қазақстан аумағына Ресейден кіргізілген.

Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасының хабаралауынша, көлікті тіркеу ұзақ уақыт алмаған. Нәтижесінде жүргізушіге жаңа үлгідегі сары түсті мемлекеттік тіркеу белгісі берілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839647-bko-da-algasky-seteldik-klik-uakytsa-tirkeldi/

pixel