Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Импичмент процесі: АҚШ сенаты Дональд Трампты толықтай ақтап шықты

Опубликовано:

АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы импичмент процесі оның толықтай ақталып шығуымен аяқталды. АҚШ конгресі осындай шешімге келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ Сенаты Трампты ақтап шықты: Импичмент болмайды
Фото: Ақ үйдің ресми Twitter аккаунтынан алынған: UGC

CNN жазуынша, Дональд Трамптың ақталғанын Ақ үй баспасөз қызметінің басшысы Стефани Гришамта растаған.

Айта кетейік, америкалық көсбасшы қызметтік бабын асыра пайдаланып, конгресске кедергі жасаған деп айыпталды.

Алайда, заң шығарушы органның басым бөлігі президентті кінәсіз деп танып, оның ақталып шығуына дауыс берген.

Импичмент болуы үшін сенаторлардың үштен екі бөлігі президентке қарсы дауыс беруі тиіс еді.

Әзірге Дональд Трамптың өзі жеңісіне қатысты пікір білдірген жоқ, алайда, 6 ақпан күні халық алдына шығып, мәлімдеме жасауға уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, импичментке қатысты шулы іс өткен жылдың соңында басталды.

АҚШ конгресі палатасының өкілдері ел президенті Дональд Трапмқа импичмент жариялап, олар көшбасшыны парламент сотына екі бап - "өкілеттілігін асыру" және "конгресске кедергі келтіру" бойынша тартуға дауыс берген.

Сол кезде демократтар қазіргі президентті Украина президенті Владимир Зеленскийге қысым көрсетті деп айыптаған еді.

АҚШ президентінің өзі конгрессте демократтар бастамашы болған импичмент процедурасын олардың саяси өзін-өзі өлтіруі деп атаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839648-impicment-procesi-aks-senaty-donald-trampty-tolyktaj-aktap-sykty/

pixel