RU
Стамбулда жолаушылар ұшағының сәтсіз қонуы салдарынан 3 адам қаза тапты
BBC Русская Служба

Стамбулда жолаушылар ұшағының сәтсіз қонуы салдарынан 3 адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Түркияның Pegasus әуе компаниясына тиесілі ұшақтың Стамбулда сәтсіз қонуы салдарынан үш адам көз жұмған. Одан бөлек, 179 жолаушы жарақат алған деп хабарлады елдің Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап жазады.

Фото: © AP Photo/Emrah Gurel

Фото: © AP Photo/Emrah Gurel

Измирден ұшып шыққан Boeing 737-800 NG лайнері Стамбулдағы Сабих Гекчен атындағы әуежайға қону кезінде арнайы жолақтан шығып кеткен.

Әуе кемесінің сәтсіз қонуына қолайсыз ауа райы әсер етіпті. Себебі, сол уақытта қатты жел соғып, жаңбыр құйып тұрған көрінеді.

Осы оқиғадан кейін әуежай уақытша жабылып, рейстер басқа жаққа ауыстырылған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, борттағы жолаушылардың көпшілігі түріктер болған. Тек жиырмасының шетел азаматтары екендігі анықталды.

Стамбул губернаторы Али Эрликайя бұған дейін Pegasus әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу-қону жолағынан 50-60 метрге шығып кеткенін мәлімдеген.

Губернатордың сөзінше, зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

Желіде пайда болған кадрлардан адамдардың сәтсіз қонған ұшақтан қалай шығып жатқанын байқауға болады.

Тағы бір видеода лайнердің ішіндегі жалынды өрт сөндірушілердің тез арада ауыздықтағаны да көрінеді.

Жергілікті прокуратура оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Еске сала кетсек, осыған дейін Түркияда әуе кемесі қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel