RU
Қытайда 10 күн бойы коронавируспен күрескен дәрігер жігіт көз жұмды (фото)

Қытайда 10 күн бойы коронавируспен күрескен дәрігер жігіт көз жұмды (фото)

Рассказать Вконтакте

ҚХР аумағында жаңа коронавирус эпидемиясы тарағаннан кейін 28 жастағы Сун Инцзе 25 қаңтар, Жаңа жыл күні қызметтік міндеттерін орындауға кіріскен. Алайда 10 күн 9 түннен кейін медицина қызметкері көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Қытайда коронавируспен күрескен дәрігер көз жұмды

Фото: Weibo

Сун Инцзе жұқпалы аурудың орталығына айналған Хубеймен шекаралас Хунань провинциясындағы автомагистральда ұйымдастырылған дене қызуын тексеру пункттерінің бірінде кезекшілік еткен, сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді үлестіруге жауап берген.

Жас жігіт үшінші қаңтар күні түнгі кезекшілікті аяқтап, азда болса тынығып алу үшін жатақханаға кеткен. Алайда медициналық қызметкер күш жинап үлгере алмады.

Себебі әбден әлсіреп, күші сарқылған Сунның жүрегі ауыртпалықты көтере алмай, тоқтаған. Таңертең жас жігіттің денесін әріптестері тауып алған.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 562 адамға жетіп, ал жаңа вирусты жұқтырғандардың саны 27,4 мыңнан асқан. Сонымен қатар 1 135 науқастың сауыққаны да белгілі болды.

Қайтыс болғандардың басым бөлігі Хубей провинциясының тұрғындары.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel