Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде Асқар Ақаевтың ұлы қайтыс болды

Опубликовано:

Мәскеуде 5 ақпанда Қырғызстанның алғашқы президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаев кенеттен көз жұмған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айдар Ақаев. Фото: whoiswhopersona.info/who.ca-news.org. Коллаж KAZ.NUR.KZ
Айдар Ақаев. Фото: whoiswhopersona.info/who.ca-news.org. Коллаж KAZ.NUR.KZ: UGC

Басылымның мәліметінше, Айдар Ақаевтың өлімі туралы жақындары хабарлаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі аптадан кейін 44 жасқа толатын Айдар Ақаевтың кенеттен жүрегі тоқтап қалған.

Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Akipress-тің мәліметінше, жерлеу рәсімі Мәскеуде өтпек.

Айта кетейік, Қырғызстанды 1990-2005 жылдар аралғында басқарған Асқар Ақаевтың Бермет, Айдар, Саадат және Илим есімді төрт баласы бар.

2005 жылы Бермет пен Айдар Ақаевтар Жоғарғы Кенешке кандидат болып, биліктің "Алға Қырғызстан" партиясынан депутаттық мандат алды. Бұл өз кезегінде елде жаппай наразылық тудырды.

2005 жылдың 24 наурызында "Ақ үйді" басып алумен аяқталған митингтердің нәтижесінде Асқар Ақаев қызметінен алынып, ол елден отбасымен бірге қашып кетті.

Айдар Ақаев кинематография саласында танымал Чокубаевтар әулетінің қызы Сайкалға үйленген. Олардың екі баласы бар.

Ақаевтар отбасы Мәскеуге көшкеннен кейін, Айдар кәсіппен айналысқан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың отанына оралуы мүмкін деп хабарланған еді. Экс-президенттің өзі де елге оралуына ресми тыйым жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839665-mskeude-askar-akaevty-ly-kajtys-boldy/

pixel