Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір уақытта екі рояльда ойнаған бойжеткен желі қолданушыларын тәнті етті

Опубликовано:

Америкалық пианист Лола Астанова Скотт Джоплиннің "Maple leaf rag" композициясын бір уақытта екі рояльда ойнап, желі қолданушыларын тамсандырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Скрин: instagram.com/lolaastanova
Скрин: instagram.com/lolaastanova: Instagram

Виртуоз ерекше орындаушылық өнерін видеоға жазып, өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Олар үнемі екеуі біреуінен жақсы деуші еді", – деп жазды Астанова.

Пианист композицияның негізгі партиясын оң қолымен бір рояльда, ал екінші партиясын сол қолымен екінші аспапта шебер орындап шыққан.

"Мәссаған! Керемет! Әрдайым ғажайып нәрсе көрсетесіз", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
"Мұндайды бұрын көрмеппін", "Осылай ойнау үшін қанша еңбектенгеніңізді елестете алмаймын", – деп таңданысын жасырмады басқалары.

Еске сала кетейік, жақында қазақстандық орындаушы Индира Еділбаева "Украина дауысы" ән байқауында өнер көрсетіп, өзінің ерекше дауысымен көпті таңдай қақтырды. Алматылық арудың ән айту шеберлігіне көрермендер ғана емес, барша қазылар алқасы да тәнті болған.

Индира байқаудың қазылар алқасын тек вокалдық ерекшелігімен ғана емес, сондай-ақ сұлулығымен де баурап алды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839666-bir-uakytta-eki-roalda-ojnagan-bojzetken-zeli-koldanusylaryn-tnti-etti/

pixel