Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақова 100 млн теңге тұратын көлігімен мақтанды (фото)

Опубликовано:

Атышулы блогер әрі актриса Айжан Байзақова су жаңа Mercedes-Benz S 63 AMG көлігімен мақтанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Байзақова 100 млн теңге тұратын көлігімен мақтанды (фото)
Фото: instagram.com/bayzakova, фото: видеодан кадр: UGC

Жуырда Байзақова қымбат Mercedes-Benz S 63 AMG маркалы көлігінің суретін желіге жариялады.

Instagram-дағы парақшасына салған фотода ол "666 BAY" нөмірлі су жаңа көліктің жанында тұр.

Жазба арудың оқырмандарының арасында үлкен резонанс тудырды. Олар суреттің астына түрлі пікірлерін қалдырған.

"Құттықтаймыз", "Нөмірін жасырмапты", "Керемет тұлпар", "Үйлесіп тұр", "Бұл арман!", Керемет", "Күшті нөмір", - деп жазды блогердің оқырмандары.

Қазақстандағы Mercedes-Benz-тің ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, мұндай көліктің бағасы шамамен 100 млн теңгені құрайды.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Айжан Байзақова Алматының элиталық ауданынан жаңа баспана сатып алғанын айтқан еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін танымал бұрынғы тележүргізуші Жанат Бақыт арманындағы көлікті сатып алғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.

Оның айтуынша, су жаңа көлігі таза адал еңбектің жемісі.

Сонымен қатар, желіде жыр шумақтарын оқып танылған Әсел Асқарға да жұбайы көлік сыйлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839677-bajzakova-100-mln-tege-tratyn-kligimen-maktandy-foto/

pixel