RU

30 метр биіктіктен құлаған: Ыстамбұлдағы ұшақ апаты видеоға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ыстамбұл әуежайында ұшақтың апатқа ұшыраған сәті видеоға түсіп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Оқиға әуе кемесі қонған кезде орын алған. Ол ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылғаннан кейін бірнеше бөлікке бөлініп, өртке оранған.

Кадрлар: sozcu.com.tr

Кадрлар: sozcu.com.tr

Әлеуметтік желілерде Ыстамбұл әуежайындағы қайғылы оқиғаның кадрлары пайда болды. Апат салдарынан жүзден астам адам зардап шеккен.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан лайнер ұшу-қону жолағының аумағынан шығып кетіп, 30 метр биіктіктен сайға құлаған.

Видеода ұшақ тоқтағаннан кейінгі кадрлар бейнеленген. Жазбада әуе кемесінде өрт шыққаны көрінеді.

Келесі екі видеода қираған ұшақтың ұшу-қону жолағы аумағының сыртында жатқаны бейнеленген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ыстамбұл әуежайында жолаушылар ұшағының қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін жазған болатынбыз.

Анықталғандай, Pegasus әуе компаниясына тиесілі лайнер Измир-Ыстамбұл бағытында рейс жасаған. Қонған кезде ол ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

Кейіннен оқиға салдарынан үш адамның қаза тапқаны белгілі болды. Одан бөлек, 179 жолаушы жарақат алған деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі.

Әуе кемесінің сәтсіз қонуына қолайсыз ауа райы әсер етіпті. Себебі, сол уақытта қатты жел соғып, жаңбыр құйып тұрған көрінеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
30 метр биіктіктен құлаған: Ыстамбұлдағы ұшақ апаты видеоға түсіп қалды
Mailfire view pixel