RU

Ресейде 33 жастағы келіншек 11-ші баласын дүниеге әкелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей астанасының маңында тұратын 33 жастағы келіншек 11 сәбиін дүниеге әкелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

рсейде

Фото: woman.rambler.ru

Мәскеу маңындағы Малая Дубина ауылында 33 жастағы әйел 11-сәбиін өмірге әкелген.

Мәскеу облысы Денсаулық басқармасының хабарлауынша, нәрестенің салмағы үш келі, бойы 51 сантиметр. Босану процесі еш қиындықсыз өткен.

Келіншектің бұдан бөлек 5 ұл және 5 қызы бар. Баласының ең үлкені 13 жаста.

Айта кетсек, бұған дейін Түркістан обысында 18 жастағы студент Жанар Анарбаеваның өмірге үш бірдей нәрестені әкелгені хабарланған. Үшемнің екеуі қыз, біреуі ұл. Оларға Медина, Адина, Үсен деген есімдер қойылған.

Сондай-ақ, әйелін қолдау үшін босану процесіне кірген ер адамның есінен танып қалғанын да жаздық.

Ер адамның есінен танып жатқан суреті аз уақыттың ішінде әлеуметтік желіде кеңінен таралып кеткен. Кадрда жас босанған әйелдің төсекте күліп жатқаны көрінеді. Ал баланың әкесі келіншегінің қалай босанғанын көріп, есінен танған күйде жерде жатыр.

Сонымен бірге АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатында жүктілігін толғағы келген уақытта ғана білген әйел өмірге үшем алып келгені хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде 33 жастағы келіншек 11-ші баласын дүниеге әкелді
Mailfire view pixel