RU
Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің қашан өтетінін ресми түрде хабарлады (видео)

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің қашан өтетінін ресми түрде хабарлады (видео)

Рассказать Вконтакте

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly_team

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly_team

Былғары қолғап шебері instagram парақшасында келесі жекпе-жегі наурыз айында өтетінін, соған дайындық үстінде екенін мәлімдеді.

"Жекпе-жек наурыз айынды болады, бұйыртса! Дайындық қызу жүріп жатыр", – деп жазды боксшы.

Соңғы жекпе-жегін Жәнібек Әлімханұлы өткен жылы 10 қарашада АҚШ-тың Калифорния штаты Фресно қаласында өткізген болатын. 10 рауднқа жоспарланған титулды жекпе-жекте ол канадалық қарсыласы Альберт Онолунсені (24-2-1, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Осылайша Жәнібек кәсіби рингте сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, оның төртеуін нокаутпен аяқтады. Сондай-ақ орта салмақтағы өзінің WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокc кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингі бойынша үздік он боксшының қатарына кірді.

Ал IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ санатындағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн GGG-дің польшалық Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі 11 сәуірде Қазақстанда өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel