RU
Қазақстанда салафизмге тыйым салына ма

Қазақстанда салафизмге тыйым салына ма

Рассказать Вконтакте

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков салафизмге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

салав

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ведомство төрағасы орынбасарының сөзінше, бұған дейін салафизмге тыйым салу мәселесі жан-жақты зерделенген. Қоғам арасында да түрлі пікірталастар бар. Дегенмен, оның айтуынша, тыйым салу мәселесі әзірге қарастырылып жатқан жоқ.

"Салафизм террористік ұйым емес, бұл – ой-идеология. Мәселен, "Хизбут-Тахрир" немесе "Таблии Жамағат" – бұл ұйымдар, олардың орталығы мен құрылымдары бар. Ұйымдастыру жұмыстары да жүргізіледі. Ал салафизм – бұл дінге деген көзқарас, діни ағым", - дейді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Білісбековтың айтуынша, бүгінде қақтығыс аймақтарына баратын қазақстандықтардың ішінде салафизмге бет бұрғандар да, дәстүрлі дінді ұстайтындар да бар.

Сондай-ақ, маманның сөзінше, осы уақытқа дейін қақтығыс аймақтарынан қайтарылған 41 Қазақстан азаматы қылмыстық жазаға тартылған. Дегенмен олар Қазақстан азаматтығынан айырылмаған.

Айта кетсек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Тараздағы деструктивті діни ағым өкілдерін тұтқындағаны хабарланды.

Қамауға алынғандардың үстінен террористік топ құру, оған басшылық жасау және оың әрекетіне қатысу, сондай-ақ терроризмді насихаттау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel