RU

Өзге елде сұлулықтың белгісіне айналған адам бойындағы "кемшіліктер" қандай

Дүниеде әр адам өзінше сымбатты, сұлу деп бекер айтылмаған. Мәселен, көпшілік тісі қисық, артық салмақты адамдарға ала көзбен қараса, енді бір елдерде мұндай жандарды пір тұтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап.

Өзге елде тартымдылықтың белгісіне айналған кемшіліктер қандай
Көрнекі фото: sunshineholisticcounselling: UGC

Көптің санасында кемшілік болып қалыптасқан - қисық аяқ, артық салмақ, артық түк секілді дүниелер кей елдерде, керісінше, тартымдылық пен сұлулықтың белгісі ретінде кеңінен тараған.

Өзге елде тартымдылықтың белгісіне айналған кемшіліктер қандай
Көрнекі фото: gm-stoma.ru/problemy: UGC

Кейбіреулер үшін тіс ортасындағы тесік кемшілік болып есептелсе, британиялықтар мұны күлкіге көрік беріп тұратын тартымды ерекшелік деп есептейді екен.

Кейбір арулар осы үшін арнайы маманға жүгініп, тесікті қолдан жасатады.

Өзге елде тартымдылықтың белгісіне айналған кемшіліктер қандай
Көрнекі фото: gayteenforum: UGC

Түркияда қолтықтағы түк ерліктің белгісі болып табылады.

Осыған байланысты, жергілікті ер адамдар қырыну мәселесіне мүлде бас қатырмайды. Алайда түгелдей дерлік ер адамдарда түк өспейді. Сол себепті кейбірі, тіпті қолтыққа шаш жалғау отасын жасайтын клиникаға жүгінеді екен.

өзге елде тартымды
Көрнекі фото: pinterest: UGC

Тәжікстанда да артық түк үлкен сұранысқа ие.

Тек олар қолтықта емес, қастың ортасында орналасқан. Бір-біріне қосылған қастар ер адам мен әйелдер арасында тартымдылықтың белгісі болып есептеледі.

Айта кету керек, бұл ерекшелік соңғы кездері бүкіл дүниежүзінде кең танылуда.
өзге елде тартымды
Көрнекі фото: otaku.name: UGC

Жапонияда аяғы қисық қыздар өте көп. Алайда мұны олар кемшілік деп есептемейді, сол үшін еш қысылмастан қысқа белдемшелер киіп жүре береді.

Бұл елде аяғы түзу қыздар әдейі оларды қисайтуға тырысады. Олар, тіпті отырған күйі де аяқтарының ұшын бір-біріне қаратып қояды.
өзге елде тартымды
Фото: heaclub.ru: UGC

Африкалық елде артық салмақ - тартымдылықтың белгісі.

Бала күнінен жергілікті қыздар мөлшерінен көп тамақтанады. Себебі тек толық әйелдер мемлекетте жоғарғы лауазымға ие бола алады.

Ал Мавританияда арық қыздар - ұсқынсыздықтың белгісі. Олар өздерінің салмағы үшін қоғамның сынына қалып жатады.
өзге елде тартымды
Көрнекі фото: parkcrestdental: UGC

Азияда брекет тағу сәнге айналып барады.

Бұл жерде олар ауқаттылықтың белгісі. Алайда тісі түзу адамдар үшін жергілікті шеберлер жасанды қапсырма жасап шығарыпты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1839699-zge-elde-slulykty-belgisine-ajnalgan-adam-bojyndagy-kemsilikter-kandaj.html