Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Африкада әлемдегі ең танымал піл 50 жасында өлді (фото)

Опубликовано:

Африкада 50 жастағы кениялық Амбосели саябағының ғана емес, сонымен қатар дүние жүзіндегі танымал пілдің бірі өлді. Тим есімді алып жануар сүтқоректілердің ішіндегі ең үлкені болатын. Бұл туралы жабайы табиғатты қорғау қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Kenya Wildlife Service
Фото: Kenya Wildlife Service: Twitter
"Амбосели ұлттық паркінің символы және Африкадағы ең үлкен және алып пілдің бірі өлді", - делінген хабарламада.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бір тұмсығының салмағы 45 келіден асатын жануарға браконьерлер қастандық жасамаған, ол өзі өлген.

Алайда Тимді атып алуды осыған дейін қаскөйлер ойластырған

Жануарларды қорғаушылардың айтуынша, 2016 жылы ол бір қастандық әрекетінен аман қалыпты.

Сол кезде алып жануар басынан ауыр соққы алған көрінеді.

Пілдің денесі Найробидегі Кенияның Ұлттық музейіне жеткізілетіндігі, онда таксидермист оны ағартушылық және көрме мақсаттары үшін сақтауға дайындайтыны хабарланған.

Еске сала кетсек, осыған дейін адамдардың қолында құлдықта болған 70 жастағы пілдің қаза болғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839704-afrikada-lemdegi-e-tanymal-pil-50-zasynda-kajtys-boldy-foto/

pixel