RU

ҰҚК: Өткен жылы Қазақстанда үш лаңкестік әрекеттің жолы кесілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков 2019 жылы өткізілген жеті радикалды топтың қызметінің алдын алу жөніндегі арнайы операцияның мән-жайын баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

кнббб

Көрнекі фото. NUR.KZ

Арнайы қызмет өкілінің хабарлауынша, өткен жылдың басында жеті адам оңтүстік астанада теракт жасамақ болған. Алайда күштік құрылымдар арнайы операция барысында аса ауыр қылмыстың алдын алған.

Барлық қылмыскерлер ұсталып, қазіргі уақытта темір тордың ар жағында жазаларын өтеуде.

Сондай-ақ өткен жылдың ортасында Алматы облысында Қазақстан азаматы полицейлерге қарсы күш қолдану әрекетін жасамақ болған.

Білісбековтың айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің күш салуы арқасында бұл қылмыстың да жолы кесілген.

Үшінші лаңкестік әрекет Қарағандыда болған. Ол кезде де күштік құрылымдар қылмыстың алдын алған.

Айта кетсек, бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков салафизмге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірген еді.

Маманның сөзінше, әзірге елімізде тыйым салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Білісбековтың айтуынша, салафизм террористік ұйым емес.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ҰҚК: Өткен жылы Қазақстанда үш лаңкестік әрекеттің жолы кесілді
Mailfire view pixel