RU

Стамбулда апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары болғаны анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Стамбұлдық Сабиха Гекчен атындағы әуежайда төтенше жағдайға тап болған ұшақтан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Стамбұлда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтардың болғаны анықталды

Фото: © AP Photo/Emrah Gurel

СІМ-де хабарланғандай, оқиға 5 ақпан күні болған. Ведомство мәліметінше, әуе кемесі жерге сәтсіз қонып, салдарынан екі қазақстандық зардап шеккен.

Қазіргі таңда отандастарымыз Фатих Султан Мехмет атындағы ауруханада жатыр.

Бас консулдық жағдайды жіті бақылауда ұстауда, сондай-ақ, зардап шеккендерге көмек қолын созу үшін барлық шараларды жасауда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ыстамбұл әуежайында жолаушылар ұшағының қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін жазған болатынбыз.

Анықталғандай, Pegasus әуе компаниясына тиесілі лайнер Измир-Ыстамбұл бағытында рейс жасаған. Қонған кезде ол ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

Кейіннен оқиға салдарынан үш адамның қаза тапқаны белгілі болды. Одан бөлек, 179 жолаушы жарақат алған деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі.

Әуе кемесінің сәтсіз қонуына қолайсыз ауа райы әсер етіпті. Себебі, сол уақытта қатты жел соғып, жаңбыр құйып тұрған көрінеді.

Көп ұзамай апаттың видеосы желіде пайда болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Стамбулда апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары болғаны анықталды
Mailfire view pixel