Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

iPhone 11 Pro телефонының қауіпті тұсы анықталды

Опубликовано:

iPhone 11 Pro гаджетінің радиожиілік сәулелену деңгейі АҚШ-тың байланыс бойынша федералды комиссиясы бекіткен нормадан екі есе жоғары. Калифорниядағы RF Exposure Lab тәуелсіз зертханасы осындай қорытынды шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Сараптама нәтижесіне қарағанда, iPhone 11 Pro-ның электромагниттік сәулеленуді нақты сіңіру коэффициенті 3,8 Вт/кг құрайды. Ал байланыс бойынша федералды комиссия тек сәулелену деңгейі 1,6 Вт/кг-дан аспайтын гаджеттерді ғана сертификаттайды.

Зертханадағы тестілеу байланыс бойынша комиссияның ұсынысымен жүргізілді. Оның ережесі бойынша, тестілеу кезінде смартфон манекеннен бес миллиметр қашықтықта болуы тиіс. Бұл телефонды денеге жақын ұстағанда, мысалы қалтада жүргенде оның ағзаға әсер ету деңгейі одан да жоғары болуы мүмкін екенін білдіреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде мектеп оқушысының 717 мың теңге тұратын айфонын автобуста ұрлатып алғанын жазғанбыз.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті 11-сынып оқушысының қалтасынан iPhone XS маркалы қымбат смартфонды ұрлап әкеткен.

Гаджеттің бағасы 717 мың теңгені құрайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839725-iphone-11-pro-telefonyny-kauipti-tsy-anyktaldy/

pixel