Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолда қалып қойған пойыз жолаушылары Қарағанды вокзалында шу шығарды (фото)

Опубликовано:

Кеше түнде Оралдан Алматыға қарай бағыт алған "Тұлпар-Тальго" жолаушылар пойызы жазық далада қалып қойды. Жолаушылардың айтуынша, Қарағандыдан шыққаннан кейін пойыздан ақау анықталып, бір-екі сағаттан соң тоқтап қалған. Бүгін таңертең 182 адам кеншілер қаласына кері қайтып, вокзалда дүрбелең басталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

вокзал
Фото: NUR.KZ: Original

Пойыздың Айбек есімді жолаушысының айтуынша, Қарағанды темір жол вокзалындағы жағдай ушығып кеткен. Ондаған адамдар билетке жұмсаған ақшаларын қайтаруды талап етіп, кассаны торуылдап тұр.

Айбектің айтуынша, ызаланған адамдар әйнекке дейін сындырып тастаған. Айғақ ретінде ол сынықтарды телефонына түсіріп алған.

"Адамдардың жағдайлары әртүрлі. Біреу билетті алдын ала алып қойғандықтан арзанға түскен. Енді оны кері қайтарып, қымбатырақ сатып алуда. Біреулер картамен алғандықтан, соған қайтарып жатыр, дәл қазір қолма-қол ақша жоқ", - дейді Айбек.

Оның әйелі Мейрамгүлдің айтуынша, олар күйеуімен бірге Оралдан Алматыға дәрігерге бара жатқан. Ертең қабылдау күні, ал ол маманға кезек көп болғандықтан, оңайлықпен кіру мүмкін емес.

Әйел билетті кері қайтарудың ұйымдастырылуына наразы. Ол енді маманға уақытылы жете аламын ба деп алаңдаулы.

вокзал
Фото: NUR.KZ: Original

Осы ретте жағдайға "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі түсінік берді.

Олардың дерегінше, осы жылдың 5 ақпанында сағат 21.07-де "Орал-Алматы-2" бағытындағы № 52 жолаушылар пойызы Қарағанды облысы "Қарағанды - Ағадыр" аумағындағы "Нілді-Айса" өткелінде техникалық себептерге байланысты тоқтап қалған.

182 жолаушысы бар, 29 вагоннан тұратын жолаушылар пойызын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қарағандыға кері қайтаруға шешім қабылданған.

"Қарағанды-Алматы-2" учаскесінде пойыздың әрі қарай жүруі тоқтатылады. Бұл ақаулық пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Екі вагон арасынан ақау табылды. Оны "ҚР-дағы Patentes Talgo S.L." испаниялық компаниясының мердігер ұйымының мамандары жөндейтін болады", - деді баспасөз қызметі.

Тасымалдаушының айтуынша, жолаушылар жол жүру құжаты құнының 100 пайызын "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларынан қайтарып ала алады.

"Сондай-ақ Алматыға қарай баратын жолаушыларға "Костанай-Алматы-1" бағытындағы № 44 және "Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол-Алматы-2" бағытындағы № 4 жолаушылар пойыздарымен бағыттарын әрі қарай жалғастыруды ұсынамыз. Құрам кешіккен уақытта жолаушылар пойыз вагонында да, мейрамханасында да ыстық тамақпен қамтылады", - деді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар компания жолаушылардан кешірім сұрады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ келтіріліген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жолаушыларға шыдамдылық пен түсіністік үшін рахмет айтады", - деді компания.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839730-zolda-kalyp-kojgan-pojyz-zolausylary-karagandy-vokzalynda-su-sygardy-foto/

pixel