Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Тарғынның әнін шырқаған Тәуекел Мүсілім эфирде жылап қалды

Опубликовано:

Танымал актер әрі шоумен, жақында шаңырақ көтерген Тәуекел Мүсілім тікелей эфирде Асхат Тарғынның әнін шырқады. Актер әнді орындау барысында жылап қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы арнасының "Таңғы Студио" бағдарламасына сілтеме жасап.

Видеодан кадрлар: Таңғы студио
Видеодан кадрлар: Таңғы студио: Getty Images

Тәуекел Мүсілім жүргізетін бағдарламаға белгілі әнші, хит әндердің орындаушысы Асхат Тарғын келген болатын. Өзінің шығармашылығындағы жаңалықтармен бөліскен әнші кейін таңғы шоудың дәстүрлі айдарына қатысты.

Атап айтар болсақ, әнші Асхат Тарғын мен жүргізуші Тәуекел Мүсілім көпке танымал "Мария Магдалена" әнін әр түрлі эмоцияда орындауы тиіс болған.

Асхат мырза тойда орындалатын көңілді әнді өкінішті кейіппен жеткізеді. Ал Тәуекел Мүсілім болса, "чип-чип" атауымен танылған той әнін жылап тұрып орындады.

"Көңілді әнді жылап орындаған қызық екен. Бірақ көрелік", - деді жүргізуші.

Естеріңізге сала кетейік, отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова өнерде жүрген әріптестері Асхат Тарғын, Абай Бегей мен Сиви Махмудиді әнші ретінде мойындамайтынын жайып салды. Шоу-бизнес жұлдызы аты аталған орындаушылар жеңіл өлеңдерінің арқасында хит болып жүргенін айтты.

Қызығы, Керімбекова өзін де толыққанды әнші деп есептей алмайтынын айтты. Ол әлі халыққа берері әрі үйренер дүниесі көп екенін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839740-ashat-targynny-nin-syrkagan-tuekel-msilim-efirde-zylap-kaldy/

pixel