Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айрықша кейс немесе Еуразиялық банк неліктен рэппен айналысып кетті

Опубликовано:

Рэп пен банк қызметі секілді екі түрлі ұғымды бір-бірімен үйлестіруден асқан қиын нәрсе жоқ шығар. Дегенмен, екі саланың мұндай колаборациясы 2019 жылы пайда болды. Бұл тұста, бізді Еуразиялық банк мұндай қадамға қалай және неліктен барды деген сұрақ қызықтырып отыр. Бұл туралы аталған банктің басқарма төрағасы Валентин Морозовпен сұхбаттасып, толық мәлімет алып көрдік.

Айрықша кейс немесе Еуразиялық банк неліктен рэппен айналысып кетті

— Мұндай қажеттілік қалай пайда болды?

— Еуразиялық банк — еліміздегі қаржы институттарының ішінде «ежелгілерінің» бірі болып саналады. Бірақ, бұл біздің заманға сай және клиенттердің жаңа талғамдарына сәйкес дамуымызға кедергі келтірмейді. Оның ішінде олардың музыкалық талғамын да ескерусіз қалдырмаймыз.

— Мәссаған, банктің жасөспірімдер талғамына сай бағытта дамып жатқанын ескерсек, банк клиентінің портреті де күрт өзгерген бе?

— Негізінде, бұл осы жанрға қатысты айтылатын ең қате пікір. Шындығында, жеке жанр ретінде рэп АҚШ-та 70-жылдары, ал Ресей мен Қазақстанда 90-жылдары қалыптасты. Сондықтан, қазір оны жасы 40-қа келген кісілер жақсы түсінеді және қабылдайды. Сонымен бірге, біз қазір Y-ші буын өкілдерін, яғни енді ғана өз бетінше ақша тауып, төлем жасауға қабілетті, бірақ құндылықтары аға буын өкілдерінен біршама ерекшеленетін жастарды да қамтудамыз. Мәселен, Jah Khalib, Скриптонит, M’Dee сынды орындаушылар осы буынға жатады.

— Сіздің банктің өнімдері олардың құндылықтарымен қалай үндеседі?

— Y буын өкілдері қаржылық тұрақтылықтан гөрі еркіндікті көбірек қалайды. Сонымен бірге, олардың атақ-мәртебеге қарағанда қарапайымдылық пен өзін-өзі көрсетуге деген құлшынысы зор. Олар үшін сандық технологиялар мен желілік коммуникацияны қолданудағы байланыс маңызды. Мобильділікке деген сұранысы өте жоғары. Осының бәрін ескере отырып, біз осы аудиторияның сұранысына сай келетін өнім жасап шығарамыз. Мәселен, карта мобильді банкинг жүйесіне байлануы керек, барлық операциялар бойынша кэшбек қызметін жүзеге асыруы тиіс.

— Сіздің видеодағы кейіпкер 25 жыл ішінде өз бизнесін құрып, қалай жетістікке жеткені туралы рэп оқиды.

— Иә, біз банкіміздің басты рөлі - жастардың табысқа жету тарихында көмек көрсету деп санаймыз. Біз барлық мәселені шешеміз деп айтуға болмайды, бірақ қолға алған ісімізді басқаларына қарағанда жақсырақ атқарамыз. Мәселен, манағы кешбэкке келер болсақ. Ол өзге банктермен салыстырғанда жоғарырақ. Ал кешбэк арқылы түсетін бонустарды белгілі бір шектеулі қызмет түрлеріне ғана емес, кез келген мақсатта төлем ретінде пайдалануға болады.

— Жақсы, бірақ неліктен рэп?

— Логикалық тұрғыда ойлап қарасаңыз да, жарнамада рэпті пайдаланудың басты ерекшелігі - мұнда қалыпты эклектикалық жарнамалық видеоларға қарағанда екі есе көп ақпаратты ұсынуға болады. Соңғы ролигімізді әлеуметтік желілерге орналастырдық. Ал әлеуметтік желілер алгоритмі үшін контент сыйымдылығына қойылатын талап жоғары. Жоғарыда айтып кеткенімдей, рэп форматы біздің мақсатты аудитория үшін таңсық емес, сол себептен олар мұны агрессиялық түрде тықпалау деп түсінбейді. Ірі жаһандық брендтер жарнамада рэпті рэперлермен бірлікте қолданудың пайдасы мол екенін баяғыда түсінген, сондықтан коммуникация үшін бұл тәсілдерді түрлі дәрежеде қолданып келеді.

— Бұл форматты болашақта қалай қолдануды жоспарлап отырсыздар?

— Біз алғашқы роликтің әсерін бағамдадық және ол бізді қанағаттандырып отыр. Роликтің әлеуметтік желілердегі қаралымы 290 мыңнан асып артылады, қамтылуы 950 мыңға жеткен. Конверсиясы қалыпты цифрлармен салыстырғанда жоғары, аудиторияның басым көпшілігінен қолдау тапты. Қазіргі таңда біз рэп жанрын қалай қолданған жөн деген мәселе бойынша ойланып отырмыз. Имидж үшін бе әлде нарыққа жаңа өнімдерді шығару үшін пайдаланған жөн бе, әлеуметтік желілерге жіберу қажет пе немесе 360 градуста төңкерілген коммуникациялар үшін қолданған дұрыс па? Жуырда бұл «оқиғаның» жалғасына куә боласыздар деп үміттенем.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839743-ajryksa-kejs-nemese-eurazialyk-bank-nelikten-reppen-ajnalysyp-ketti/

pixel