Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйдағы шулы аттракцион: Шенеунік 160 млн теңге жымқырған деп күдіктелуде

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Рудныйдағы "шолу дөңгелегін" (колесо обозрения - рде.) салу кезіндегі ұрланған ақшаның сомасын есептеді. Аттракцион қолданысқа берілмей жатып-ақ дауға қалған. Артынша қолдануға мүлдем тыйым салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

колесо
Видеодан кадр: Facebook

Бүгін жемқорлыққа қарсы агенттік аттракцион салу кезінде ұрланған ақшаның болжалды сомасын айтты.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 160 млн теңге қолды болуы мүмкін. Тергеудің дерегінше, ақшаны жергілікті шенеунік, яғни қаланың құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы ұрлаған.

Айта кетсек, шолу дөңгелегінің жалпы құны - 330 млн теңге. 2019 жылы 14 мамырда айналаны шолу дөңгелегінің кабинкаларының кері аударылып тұрған видеосы шыққан еді. Әкімдік аттракционның құрылыс кезіндегі ақаулар болғанын мойындап, оны жауып тастаған болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде жоғары лауазымды қызмет атқаратын екі шенеунік 35 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп жатқанын хабарлаған.

Сондай-ақ, 5 ақпанда пара алды деп күдіктеліп жатқан Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға үйқамаққа алынғаны белгілі болды.

Оған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, генерал-майорға қатысты тергеу жүргізгенін хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839747-rudnyjdagy-suly-attrakcion-seneunik-160-mln-tege-zymkyrgan-dep-kdiktelude/

pixel