Выйти
RU

"Қасіреттеріңізге ортақпыз": Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Қайғы-қасіреттеріңізге ортақпыз": Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Ван провинциясындағы қар көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын.
Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза тапқандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Стамбул әуежайында жолаушылар ұшағының қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін жазған болатынбыз.

Анықталғандай, Pegasus әуе компаниясына тиесілі лайнер Измир-Стамбул бағытында рейс жасаған. Қонған кезде ол ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

Кейіннен оқиға салдарынан үш адамның қаза тапқаны белгілі болды. Одан бөлек, 179 жолаушы жарақат алған деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі.

Әуе кемесінің сәтсіз қонуына қолайсыз ауа райы әсер етіпті. Себебі, сол уақытта қатты жел соғып, жаңбыр құйып тұрған көрінеді.

Көп ұзамай апаттың видеосы желіде пайда болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қасіреттеріңізге ортақпыз": Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады