Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті коронавирус: Уханьнан эвакуацияланған қазақстандықтардың жағдайы қалай

Опубликовано:

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтарды бақылаудың жай-күйі жайлы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Costfoto/Barcroft Media via Getty Images
Фото: Costfoto/Barcroft Media via Getty Images: Depositphotos

Ведомство қазірге дейін жалпы 110 адам дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

"Оның ішінде 105 науқас жаңа короновирустық инфекцияға тексерілді. Короновирус анықталған жоқ. 80 адам үйлеріне қайтарылды. 30 адам ауруханада жатыр. Науқастардың жағдайы жақсы", -делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік Ухань қаласынан Нұр-Сұлтан, Ташкент және Түмен қалаларына эвакуацияланған біздің және Беларусь пен Армения азаматтары туралы түсінік берді.

"Барлығының денсаулығы жақсы. Олар Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тұрақты бақылануда",- деді ведомствода.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін алдын-алу шараларын сақтау қажет екенін ескертті.

"Масканы сізде суық тиюдің белгілері болған жағдайда ғана кию керек. коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық себеп болғанда ғана жүргізіледі",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде коронавирустан көз жұмғандар саны 562 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839775-kauipti-koronavirus-uhannan-evakuacialangan-kazakstandyktardy-zagdajy-kalaj/

pixel