Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай AliExpress-тен тапсырыс жеткізуді тоқтатты

Опубликовано:

Қытайда күнделікті ондаған адамның өмірін алып жатқан қауіпті вируспен күресу үшін түрлі шаралар қолданылып жатыр. Бүгінде аспан асты елі пошталық тапсырысты жеткізуді де тоқтатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Қазпошта" АҚ
Фото: "Қазпошта" АҚ: Depositphotos

Қытайдың пошталық жөнелтімдерді қабылдаудан уақытша бас тартқаны туралы ақпарат "Қазпошта" жарнама және PR департаменті директоры Дилара Зарлықованың әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.

Қазақстан пошталық компаниясы өкілі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ақпарынша, Қытайдан жеткізілген тапсырыстар коронавирустың тарауына себепкер болуы мүмкін емес екенін айтады.

Оған себеп тасымалдау жағдайы дейді ұйым мамандары. Олардың сөзінше, вирус ұзақ уақыт бойы ағзадан тыс өмір сүре алмайды.

Алайда Қытай Қазақстанмен авто, әуе және темір жол арқылы пошталық алмасуды тоқтату туралы бастама көтерді.

Қытай AliExpress-тен тапсырыс жеткізуді тоқтатты

Айта кетейік, бүгінде қауіпті коронавирустың тарауына байланысты медициналық маскаларға деген сұраныс едәуір артып кетті. Ал қазақстандық өндірушілер мұны тиімді пайдаланып, маскаларды Қытайға сата бастаған екен. Бұл жайында денсаулық сақатау министрлігі мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1839795-kytaj-aliexpress-ten-tapsyrys-zetkizudi-toktatty/

pixel