RU

Германияда 13 адам коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Германияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 13 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұған дейін мәлім болғандай, қатерлі вирусты жұқтырғандардың екеуі Уханьнан эвакуацияланған Германия азаматтары. Қалған вирусқа шалдығу фактілері Баварияда тіркелген.

"Қазіргі уақытта Баварияда коронавирусқа шалдығудың он бір оқиғасы тіркеліп, расталған", – деп мәлімдеді жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы деректерге сәйкес, Қытайда коронавирустан қаза болғандар саны 562-ге жеткен, 28 мыңнан астам адам ауруды жұқтырған. Аспан асты елінен тыс жерде 190-нан астам адам қатерлі вирусқа шалдыққан, біреуі қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған вирустың өршуін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды.

Айта кетейік, Ухань қаласынан Қазақстанға оралған студенттерден коронавирус анықталмады. Дегенмен хаттамаға сәйкес, олар 16 ақпанға дейін карантинде болады.

Сондай-ақ еліміздің денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтарды бақылаудың жай-күйі жайлы баяндап берді.

"Оның ішінде 105 науқас жаңа короновирустық инфекцияға тексерілді. Короновирус анықталған жоқ. 80 адам үйлеріне қайтарылды. 30 адам ауруханада жатыр. Науқастардың жағдайы жақсы", -делінген хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Германияда 13 адам коронавирус жұқтырған
Mailfire view pixel