Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жайлы бірінші болып ескерткен дәрігер аталған дерттен көз жұмды

Опубликовано:

Коронавирустың өршуі туралы бірінші болып мәлімдеген адамдардың бірі, Ухань қаласының дәрігері Ли Вэньлян аталған дерттен көз жұмды. Қатерлі вирус жайлы алғашқылардың бірі болып ескерткен оған басында қауесет таратты деген айып тағылған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Ли Вэньлян. Фото: forexlive.com
Ли Вэньлян. Фото: forexlive.com: Twitter

Белгілі болғандай, былтырғы 30 желтоқсанда дәрігер науқастың медициналық қорытындысын зерттеп, WeChat әлеуметтік желісіндегі топтар арқылы әріптестеріне қатерлі дертті жұқтырудың жеті оқиғасы расталғанын хабарлаған.

Ақпаратты жариялаған соң оған полиция келіп, "қоғамдық тәртіпті бұзатын жалған ақпарат таратқаны үшін" айыптап, ескерту жасаған.

Дәрігердің өзі коронавирусты 10 қаңтарда жұқтырған екен. Сол кезде қатты жөтел пайда болып, қызуы көтерілген. Кейіннен оны жансақтау бөліміне жатқызған.

2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Ухань қаласында пневмонияның өршуі туралы мәлімдеді. Аурудың қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі 2019-nCoV екені анықталды.

Айта кетейік, Германияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 13 адамға жетті.

Аспан асты елінен тыс жерде 190-нан астам адам қатерлі вирусқа шалдыққан, олардың біреуі қаза тапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1839820-koronavirus-zajly-birinsi-bolyp-eskertken-driger-atalgan-dertten-kz-zmdy/

pixel