RU
Димашпен өнер көрсеткен ресейлік спортшы ару өз-өзіне қол салмақ болды

Димашпен өнер көрсеткен ресейлік спортшы ару өз-өзіне қол салмақ болды

Рассказать Вконтакте

Ресейлік гимнастшы қыз Александра Солдатова суицид жасамақшы болып, ауруханаға түсті. Бұл туралы "Мәскеу" қалалық жаңалықтар агенттігіне полиция қызметкері мәлімдеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Димашпен өнер көрсеткен ресейлік спортшы ару өз-өзіне қол салмақ болды

Фото: Instagram

Дереккөз ақпарынша, 5 ақпан күні 21 жастағы Александра Солдатова дене жарақаттарымен мәскеулік ауруханалардың біріне жеткізілген. 

"Сондай-ақ, қызға булимия диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта науқас қалай жарақат алғанын айта алмайды", - деді ол.

Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр.

Mash Telegram-каналының хабарлауынша, спортшы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мойындапты.

"Бұл ақымақтық болды. Қорқып кетіп, бірден ауруханаға бардым", - деп мәлімдеген Александра.
  • Александра Солдатова - көркем гимнастикадан Ресей құрамасының мүшесі, командалық есепте үш дүркін әлем чемпионы және лентамен жаттығудан әлем чемпионы.

2019 жылдың мамыр айында ол Испанияның Гвадалахара қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетсек, спортшы Димаш Құдайбергеннің "Любовь уставших лебедей" әнінің сүйемелдеуімен өнер көрсеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel