Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде "Жабайы Арманға" ән арнаған жігіттер елдің ықыласына бөленді (видео)

Опубликовано:

Желіде қылмыс әлемінде "Жабайы Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев бастаған челлендж әлі де жалғасын табуда. Көпшілік қылмыс әлемінің серкесі көрсеткен ишараттарды қайталаудан жалығар емес. Халықты бірлік пен қайсарлыққа шақыратын эстафетаны жалғаған жігіттер қатарында "Жабайы Арманға" ән арнағандар да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ Арман Жұмагелдиев
Фото: Instagram/ Арман Жұмагелдиев: Instagram

Қазақстандық Жұмагелдиев өзіне арнап ән шырқаған жігіттің видеосын Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

Гитара ұстаған азаматтың қасында тағы үш жігіт бар. Онда Арманды қазақтың батырына теңеп, челлендждегі ишараттарды көрсетеді. Қазақ жігіттері елді жігерлендіретін ән орындап, "Жабайы Арманға" сәлем жолдайды.

Бұл видеоны көрген көпшілік Арман Жұмагелдиевке де, өнерпаздарға да тілектерін жаудырды.

"Керемет", "Бірлікте болыңдар", "Қазақ жігіті екенімізді іспен дәлелдейік", "Жақсы ән екен", "Алла сізді сақтап жүрсін", - деп жазды олар.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында қазақстандық қылмыс әлемінің серкесі "Жабайы Арман" челлендж бастады.

Кейіннен ол көпшілікке алғыс айтып, қазақ жастарына үндеу жасады.

"Қазір қаншама қазақ қыздары етегін көтеріп жүр, ал ұлдарымыз ар-намыссыз болып кетті. Соның барлығын жойып, намысшыл халық болайық",- деді ол.

Осыдан біраз уақыт бұрын Instagram әлеуметтік желісінде, сондай-ақ, ресейлік БАҚ беттерінде "заңдағы ұры" Лоту Гулидің (шын аты-жөні Надир Салифов) Қазақстандағы қылмыс әлемінің серкесі "Жабайы Арманмен" (шын аты-жөні Арман Жұмагелдиев) түскен суреті пайда болды.

Басылым хабарлауынша, қазақстандықтың беделі "заңдағы ұры" Квежовичті (шын аты-жөні Гурам Чихладзе) Түркияда ұрып тастағаннан кейін артып кеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839847-zelide-zabajy-armanga-n-arnagan-zigitter-eldi-ykylasyna-blendi-video/

pixel