RU

Маңғыстау облысында шенеунік әйелді ұстау сәтінің видеосы пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысының Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында шенеунік әйелді құрықтау сәтінің видеосы пайда болды

Фото: Видеодан кадр

"Ол мүгедектікті заңсыз беруді жылдамдату үшін азаматтардан жүйелі түрде пара алып отырған деп күдіктелуде, - делінген хабарламада.

Күдіктінің кінәсін мойындағанына және қорғаушының қатысуымен келу туралы жазбаша міндеттеме алынуына байланысты оған қатысты процессуалды құрықтау қолданылған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында бірқатар шенеунік сотталғанын хабарлаған едік.

Бұрынғы облыс әкімінің орынбасары екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны қаражат жымқыру, қызмет бабын теріс пайдалану және пара алу бойынша кінәлі деп таныды.

Облыстық білім басқармасының басшысы да дәл сондай мерзімге сотталды. Ол "жымқыру" мен "алаяқтық" баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Айта кетейік, Қазақстанда бұдан былай депутаттар мен судьяларға сыйлық беруге тыйым салынғаны туралы жаздық.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстау облысында шенеунік әйелді ұстау сәтінің видеосы пайда болды
Mailfire view pixel