RU
Алматыдағы ұшақ апаты: Bek Air рейстерді 16 ақпанға дейін тоқтатты

Алматыдағы ұшақ апаты: Bek Air рейстерді 16 ақпанға дейін тоқтатты

Рассказать Вконтакте

Bek Air 16 ақпанға дейін жалғасатын рейстердің тоқтатылатындығын мәлімдеді. Әуекомпаниясының басшылығы клиенттерге билеттердің ақшасын қайтарып алу үшін не істеу керектігін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Лайнерлерінің жоспарланған бағыттар бойынша ұшып кете алмайтындығы Instagram әлеуметтік желісіндегі Bek Air әуекомпаниясының ресми хабарламасында жарияланды.

Мәтінде 16 ақпанға дейін жоспарланған рейстердің тоқтатылғандығы айтылған.

Барлық клиенттер өтініш беріп, билетке жұмсаған тиісті қаражатын қайтара алатыны да белгілі болды.

Ол үшін әуекомпаниясының тұтынушылары билетті сатып алған жерге баруы керек.

Билетті Bek Air-дің сайты арқылы алғандарға электронды почта арқылы байланысқа шығу ұсынылды.

"Техникалық қиындықтарға байланысты қазіргі уақытта ақшаны қайтару процесі жүргізілмейді. Алайда, билет бағасын өтеу бойынша барлық міндеттемелер орындалады", - делінген Bek Air әуекомпаниясының хабарламасында.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза болып, 49 адам ауруханаға жеткізілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel