Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Раббыңыздан шақырту алыңыз": Керменбаев Меккеде қажылығын өтеп жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Нұржан Керменбаев қасиетті қала саналатын Меккеде жүр. Өнер иесі қажылық парызын өтеп жатқаны туралы әлеуметтік желіде хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/nurzhan_kermenbayev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/nurzhan_kermenbayev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Танымал әнші Instagram парақшасында оқырмандарына Меккеге аттанғанын хабарлап, өзі үшін дұға тілеп қоюларын сұраған.

"Ұлы сапар. Сіздерден дұға болсын және Алла қабыл еткей. Мекке мен Мединаға келген адам баласы,қайта келгісі келмеуі мүмкін емес.Себебі жүрек өз раббысын таниды. Және Соған ғана ұмтылады. Сондықтанда мен жыл сайын жиі келіп тұруға тырысам. Сіздерге де жұғысты болсын қазақ елі. Сіз де шақырту алыңыз өз Раббыңыздан" , - деп жазды ол.

Эстрада өкілі осымен бұл қасиетті қалаға екінші мәрте сапар шегіп тұр. Бұған дейін Керменбаев қажылық өтеуге анасымен бірге келген болатын.

Желідегілер әншінің игі пиғылына разы болып, оған жылы лебіздерін білдірген.

"Қабыл болсын, Алла тілеуіңізді берсін" , "Жарайсыз, жылда барып тұруды жазсын" , "Алла тағала дұғаңызды қабыл етсін", "Ниетіңіз қабыл болсын" , "Тілектеріңіз қабыл болып, аман-есен оралуыңыз" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін ел арасында Нұржан Керменбаевтың Қайрат Нұртасқа ренжіп жүргені жайлы ақпарат тарап кеткен болатын. "Қара бала" бұл қауесетке жауап беріп, қызу талқыланған мәселеге нүкте қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839866-rabbyyzdan-sakyrtu-alyyz-kermenbaev-mekkede-kazylygyn-tep-zatyr-foto-video/

pixel