Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміржолшылар өздеріне шабуылдаған қасқырлардан қалай аман қалды

Опубликовано:

Ақмола облысында теміржол қызметкерлері жұмыс уақытында шабуыл жасаған қасқырлардан әрең қашып құтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр, pixabay.com
Фото: видеодан кадр, pixabay.com: Instagram

Үш теміржол жөндеушілер қос рельстің арасын қардан тазартып жүрген.

Осы уақытта олардың біреуі жортып келе жатқан түз тағысын байқапты.

Жұмысшылар алғашында "ауыл иттері" деп ойлағандарын да жасырмады.

Содан үш теміржол қызметкері өздеріне тап берген сегіз қасқырдан қашып, жақын маңдағы орманға қарай бет алған. Онда ағаштың басына шығып, көрші станциядан көмек сұрапты.

Суыт хабарды естіген Ақкөл станциясының мамандары теміржолшыларды құтқарып қалған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Айта кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында тұрғындар түз тағысының ауылдағы қораларға түсе бастағанын айтып, шағымданған еді.

Мәселен, қыс түскелі Нұрбақыт Сейтқали есімді шаруаның қорасына жыртқыш бірнеше рет шабуыл жасап, 15 шақты қойын жеп кеткен.

Осыған ұқсас жағдай Моңғолияда да орын алған. Онда қандас келіншек қасқырмен арпалысып, күйеуін аман алып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839868-temirzolsylar-zderine-sabuyldagan-kaskyrlardan-kalaj-aman-kaldy/

pixel