RU

Семак алғаш рет Исламханды "Зенит" клубына не үшін алмағанын түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Санкт-петербургтік "Зенит" клубының бас бапкері Сергей Семак Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның ойынына жоғары баға беріп, оның ауысымы не үшін орын алмағанын алғаш рет мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/zenit_spb

Фото: Instagram/zenit_spb

Бұл туралы "Зенит" клубының бас бапкері Сергей Семак спорт порталдың журналисті Александр Дорскийге берген сұқбаты барысында айтты.

"Біз қандай да бір себеппен ол (ред. - Исламхан) біздің клубқа сәйкес келмеді деп айтқан емеспіз. "Зенит" сапына Ригонидің келуімен Исламхан ойнайтын позицияда ойыншылар жеткілікті болды. Ол бізге ұнады. Исламханға Біріккен Араб Әмірлігінен жарты жылға жақсы нұсқа шықты. Оның легионер болып саналмайтынын ескерсек, жазда бұл сұраққа қайта ораламыз", - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Зенит" футбол клубының бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Қайрат" ойыншысы Бауыржан Исламханның ресейлік команда сапында Катарға аттанғанын мәлімдеген еді.

Футболшы онда екі жолдастық кездесуге қатысып, қол голдық пастың иегері атанған.

Ресейлік клубтың алғашқы оқу-жаттығуы аяқталған соң, Исламхан Алматы қаласына ұшып кетті.

Ал "Зенит" клубының бапкері Сергей Семак, қазақстандық футболшының "тағдыры" бойынша сұрақ алдағы күндері шешілетінін мәлімдеген.

Кейінірек, "Зенит" клубы Бауыржан Исламханға қатысты шешім шығарды.

Футболшы санк-петербургтік ұжымның екінші оқу жаттығу жиынына қатысатын футболшылардың тізіміне ілінбей қалды.

Осыдан кейін Қазақстан құрамасының капитаны "Қайрат" сапына қайтып келеді деген БАҚ беттерінде болжамдар айтыла бастады.

Алайда, Бауыржан Исламхан күтпеген жерден "Аль-Айн" командасы сапына ауысты.

Біріккен араб әмірлігі чемпионатында өнер көрсететін клуб сапында Тараз мектебінің түлегі бір матчқа қатысып, голдық пастың авторы атанып үлгерді.

Айта кетейік, "Қайраттың" бұрынғы капитаны "Аль-Айн" ұжымымен жарты жылға келісім-шартқа отырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Семак алғаш рет Исламханды "Зенит" клубына не үшін алмағанын түсіндірді
Mailfire view pixel