Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда есірткі тасымалына қыздар жалдаған иорданиялық сотталды

Опубликовано:

Есірткі тасымалдауға жас қарағандылықтарды жалдаған иорданиялық азаматқа сот үкім шығарды. Шетелдік азамат қыздарды алдап, заттың бағалы тастар екенін, рұқсат беретін құжаттары бар екенін айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

йорда
Евгения Концевич (жалдаушы) және Славяна Миневская Бразилияға Алматыдан ұшар алдында. Фото: соцсети/time.kz: UGC

Қарағандылық қыз тапсырыс берушінің тапсырмасымен Бразилияға келіп, делдалдан шабаданды алып, оны Камбоджа корольдігіне жеткізген.

Қолына үш мың долларды алған кезде ғана ол өзінің 5 келі кокаин тасығанын білген. Егер ұсталып қалса, қазақстандықты өлім жазасы күтіп тұрған еді.

Қарағандыға оралған қыз өзінің тапсырыс берушісімен кездесіп, оған шағымданудың орнына, ер адаммен романтикалық қарым-қатынас орнатқан.

Шетелдік бұл кезде есірткі тасымалдайтын қыздарды іздеуін жалғастырған. Көп ұзамай полиция ер адамның қызметін біліп қойған. Алайда ол қашып кеткендіктен, оны ұстау мүмкін болмады. Дегенмен Евгения Кончевичты Қазақстанда жазаға тартқан.

Амер Бассам Салеем Саламехке әлемнің түкпір-түкпірінде бір жылдан астам уақыт іздеу салынған. Ол Грузияда қолға түсіп, Қарағандыға қайтарылған.

Тергеу барысында оған қызды халықаралық жалдау және жалдау әрекеті бойынша айып тағылған.

Нәтижесінде шетелдік азамат бес жылға темір тордың ар жағына тоғытылды. Сондай-ақ Бразилияда қарағандылыққа бес келі кокаин бергендерге қатысты да тергеу жүргізілуде.

Айта кетсек, бұл атышулы істен көпшілік 2017 жылы құлағдар болды. Қарағандылық пен иорданиялық қыздарды жалдаған деген күдікке ілінген. Нәтижесінде, жерлесіміз сотталып, оның сыбайласы қашып кеткен болатын.

Олар алдап, шетелге жіберген екі қызды құқық қорғаушылар ұстап алған. Олардың бірін СІМ құтқарса, екіншісі Бразилияда 7 жылға сотталды.

Еске сала кетсек, Қарағандыда мұғалім есірткі сатқаны үшін 11 жылға сотталған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839876-karagandyda-esirtki-tasymalyna-kyzdar-zaldagan-iordanialyk-sottaldy/

pixel