Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

100 мың теңгеге сатуға шығарған: Оралдық оқушының анасы жанайқайын айтты

Опубликовано:

буллинг подростка
Фото: Instagram

Оралда қала маңындағы ауылда тұратын 10-шы сынып оқушысының анасы ұлын құрдастары жаппай қудалап жүргенін айтады. Әлеуметтік желіде, тіпті, жеткіншектің суреті көрсетілген сату туралы хабарландыру пайда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

tdk42.kz порталының хабарлауынша, басылымға Круглоозерное ауылының тұрғыны хабарласып, ұлына құрдастары жан-жақты қысым көрсетіп жатқанын айтқан.

Оның сөзінше, қатарластары ұлының қабырғасын сындырған.

Келіншек құқық қорғау органдарына арыз тастағанымен, кәмелеттік жасқа толмаған балаға да, оның ата-анасына да ешқандай шара қолданылмапты.

Ал екі апта бұрын желіде жеткіншектің суреті пайда болыпты. Оның астында мектеп оқушысының 100 мың теңгеге сатуға қойылғаны жазылған екен.

Ашуға булыққан келіншек мектепке жүгінгенімен, білім ордасында мүндай әрекетті кім істегенін таппаған. Құқық қорғау органдары да тәртіп бұзған жасөспірімді анықтай алмаған.

Орал полиция басқармасы келіншек ұлын ұрып-соғуға байланысты арыз жазғанын мәлімдеді. Алайда тәртіп сақшылары қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты істі жауып тастапты.

Полициялық ведомство мәліметіне сәйкес, келіншек оларға екінші рет арызданған.

Ол ұлының суретін хабарландыруға қосқан адамға шара қолдануды сұраған екен. Бірақ бұл жолы да "криминалды" мәселе табылмай, іс жабылыпты.

Аталған жағдайға байланысты білім басқармасы ата-аналармен жиналыс өткізді. Екі аптадан кейін нәтиже белгілі болады. Қазір жасөспірім сабаққа барып жүр.

Тәртіп сақшылары жазба авторын табу үшін тергеу ісін жалғастыратын болды.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ақтөбеде тапа-тал түсте оқу орнының алдында 2-курс студентін пышақтап кетті. Көп қан жоғалтып, жедел жәрдем ауруханасына ауыр жағдайда түскен бозбаланы дәрігерлер аман алып қалған

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839896-100-my-tegege-satuga-sygargan-oraldyk-okusyny-anasy-zanajkajyn-ajtty/

pixel