Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала-шаға аш": Мадияр Серікбаев ұтыс ойнататын жұлдыздарды күлкі етті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әзілкеш Мадияр Серікбаев желіде ұтыс ойнататын жұлдыздарды сынап тастады. Өнер иесі оларды күлкі етіп, аталмыш конкурстардың шынымен қалай өтетінін жайып салды. Ол қарапайым халық шоу-бизнес өкілдеріне сеніп, соңында ақшасыз қиын жағдайға қалып жатқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мадияр Серікбаев бүгінде аса маңызды мәселені Instagram желісінде көтерді. Ол қысқа видеоролигінде ұтыстың арқасында ақшаға кенелген адамның образы мен аталмыш лотереядан ұтылып қалған жанның кейпіне енген.

Белгілі әзілкештің бейнежазбасы аса күлкілі болып шығып, желідегілердің ықыласына ие болды. Онда ол бағалы сыйлықтарымен көпті қызықтыратын конкурстарға алданып қалмаудың әдісімен бөлісті.

"Міне, ақша! Осының бәрі шын! Айфон, автокөлік - бәрі менікі! Мына дүниенің барлығына қалай жеттім. Оп-оңай! Еліміздегі танымал адамдардың ойнатқан лотерея, конкурстарының арқасында жеттім. Оп-оңай. Тіркелдім, ақша салдым, ойнадым, ұтылдым. Қайтадан ойнадым, ұтылдым, ұтылдым, ұтылдым. Соңында ақшам қалмады. Отбасымда қырғын, айқай-шу, үйдің берекесі қашты. Бала -шаға аш.
Амал жоқ, жұмыс істедім. Өз еңбегіммен ақша таптым, телефонға жетті, машинаға жетті. Ең соңында түсіндім. Ондай болмайды екен. Өз маңдай теріммен осындай күйге жеттім. Енді ойнамаған достарға айтамын: Менің конкурсым басталды. Маған тіркел, 10 досыңды белгіле, үшеуін шығарып таста. Екеуін кіргіз, қайтадан төртеуін шығарып таста. Сөйтіп жүріп олар шаршасын да, конкурстың дұрыс емес екенін түсінсін. Адал еңбекпен, маңдай терімен ақша тапсын. Қазақта керем" , - деді әзілкеш.

Айта кетейік, бұған дейін алаяқтар Жазира мен Жанболаттың атын заңсыз пайдаланып, ұтыс ойнатпақ болған. Алайда, мұны дер кезінде байқаған жұлдызды жұп, өз жанкүйерлерін хабардар еткен. Олар табынушыларының алданып қалмауына септігін тигізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839898-bala-saga-as-madiar-serikbaev-tys-ojnatatyn-zldyzdardy-klki-etti-video/

pixel