Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арбаға таңылған жанкүйеріне ән айтқызған Жігер Ауыпбаевқа ел риза болды (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Жігер Ауыпбаев Жаңаөзендегі концерті кезінде көпшілік алдына арбаға таңылған жанкүйерін шығарып, оған өзінің әнін айтқызды. Шоу-бизнес жұлдызының бұл игі қылығына халық тәнті болып, оған қошемет көрсетті. Желіде аса әсерлі сәттің видеосы да жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ауыпбаев аталмыш бейнежазбамен Instagram парақшасында бөліскен. Онда эстрада жұлдызы ән кеші кезінде ортаға арбаға танылған табынушысын шығарып, оған ерекше құрмет көрсеткен. Өнер иесі жанкүйеріне микрофон ұстатып, көпшілік алдында оған өлең айтқызған.

Шоу-бизнес жұлдызының бұл қылығына залда отырған халық риза болып, өз қошеметін жаудырған.

Аса әсерлі сәттің куәсі болған желі қолданушылары да Жігер Ауыпбаевқа тәнті болып, оған өз қолдауын білдіріп датыр.

"Қандай керемет көрініс, Алла разы болсын" , "Жарайсыз, осы қарапайымдылығыңыздан айырылмаңыз" , "Сізге риза болып тұрмын, аса әсерлі сәт" , "Үлгі тұтар тұлғасыз, жарайсыз" , "Алла тілегіңізді қабыл етсін. Өнеріңіз өрлей берсін" , "Кең пейілді, мейірімге толы жүрегіңнен айналайын" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Жігер Ауыпбаев басынан өткен аса қиын жағдай туралы жан сырымен бөліскен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839907-arbaga-taylgan-zankjerine-n-ajtkyzgan-ziger-auypbaevka-el-riza-boldy-video/

pixel