RU
Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды

Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысының кейбір кенттері мен ауылдық округтерінде төтенше жағдай жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

тжккк

Көрнекі фото: pixabay.com

ҚР ІІМ ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының хабарлауынша, күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты (дауылды жел, боран, жауын-шашын) Осакаров ауданы әкімінің шешімімен Осакаров, Молодежный елді мекендері мен Сарыөзек, Қарағайлы, Сұңқар, Пионерский, Озерный, Николаевский, Тельман, Құндызды кенттері аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.

Еске сала кетсек, 27 қаңтарда Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған еді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеген. Сол кезде еліміздің тағы алты өңірінде төтенше жағдай режимін жариялауға дайындалып жатқаны хабарланған болатын.

Айта кетсек, Қазгидромет орталығының мамандары осы аптаның соңғы үш күніне болжам жасап, еліміздің оңтүстік аймақтарында ауа температурасы 20 градусқа дейін көтерілетінін мәлім етті. Ал солтүстік өңірлерде керісінше күн суытады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel