Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Көпқабатты тұрғын үйдің кранынан аққан алкогольді сусын тұрғындарды таңғалдырды

Опубликовано:

Үндістанның Керала штатындағы көпқабатты үйдің бірінде қызықты жағдай орын алған. Белгілі болғандай пәтерлеріндегі краннан судың орнына ішімдік аққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ВВС-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Басылымның мәліметінше, жағымсыз иістің шығуына байланысты адамдар бірден назар аударып, күмән тудырған суды қолданбауға тырысқан.

Тұрғындардың шағымынан кейін жергілікті билік аталған жайтты зерттеуге кіріскен.

Нәтижесінде үйге су жіберетін ұңғыманың жанында бұған дейін тәркіленген 6 мың литр алкогольдің көмілгені анықталған.

Ал алкогольды сусын тұщы сумен топырақ арқылы араласқан көрінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін 10 жыл бұрын ішімдіктен бас тартқан Түркістан облысы, Алмалы ауылы туралы жазған едік.

Дүкендерде алкоголь сатуды тоқтату бұл ауылдағы жағдайға айтарлықтай әсер еткен.

Одан бөлек, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Боралдай ауылының тұрғындары да ішімдік пен нашақорлыққа қарсы екенін білдіріп, ішімдік толтырылған ондаған жәшікті құдыққа лақтырған болатын.

Бұл эстафетаны Алматы облысына қарасты Алакөл ауданындағы Қызылащы ауылының тұрғындары да жалғастырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839939-kpkabatty-trgyn-jdi-kranynan-akkan-alkogoldi-susyn-trgyndardy-tagaldyrdy/

pixel