RU
Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесіп, бірі пышақ жарақатын алды

Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесіп, бірі пышақ жарақатын алды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауырханаға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ақтөбеде

Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін сағат 10:00-де Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына пышақ жарақатын алған Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ колледжінің 2 курс студенті жеткізілген.

"Ақтөбе қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 24-3, 99-бабының 2-бөлігімен "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университтінің 2 курс студенті ұсталды. Қылмыс құралы пышақ тәркіленді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде 5 ақпан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің 2-курс студенті пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Полицияның жедел іс-шаралар жүргізуінің арқасында төбелеске қатысы барлар анықталып, ұсталған.

Сондай-ақ, аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 24, 3-99 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel