RU
Ғалымдар коронавирусты таратуы мүмкін жануарды атады

Ғалымдар коронавирусты таратуы мүмкін жануарды атады

Рассказать Вконтакте

Қытайлық ғалымдардың зерттеуінше, қауіпті коронавирус панголин жануарынан тараған болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Интерфаксқа сілтеме жасап.

лента

Фото: Getty Images / Barcroft Media

Зерттеуді Оңтүстік-Қытай ауыл шаруашылығы университеті мен Линнань-Гуандун заманауи ауыл шаруашылығы лабораториясының мамандары жүргізген. Олар генетикалық материалдардың мыңдаған үлгілерін зерттеген.

Ғалымдар панголиндерден бөлінген коронавирустың геномдық тізбегі науқас адамдардағы коронавирустың геномымен 99 пайызға сәйкес келетінін анықтаған. Мамандардың айтуынша, панголиндерден басқа да жануарлар вирусты таратуы мүмкін.

Мамандардың сөзінше, олардың зерттеулері коронавирусты тезірек бақылауға алуға мүмкіндік береді және өздері жасаған зерттеудің арқасында ғалымдар вирусты нақты таратушыны таба алады. Ғалымдар әзірге жабайы жануарларға жоламауға кеңес берді.

Дегенмен хабарламада коронавирустың дәл осы панголиндер арқылы адамға жұққан-жұқпағаны нақтыланбаған.

Еске сала кетсек, Қытайда қауіпті дерттен көз жұмғандар саны 632 адамға жеткені хабарланды. Сондай-ақ, өлім вирусын 31 161 адам жұқтырып үлгерген. Дегенмен вирустан құлан таза айыққан адамдар да бар. 1540 адам коронавирусты жеңген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel