Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Үндістанда Қазақстан азаматшасы ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Үндістанның Пенджаб штатындағы қонақ үйлердің бірінде Қазақстан азаматшасы ұсталды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

СІМ. Фото: mfa.gov.kz
СІМ. Фото: mfa.gov.kz: Facebook

Сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі үндістандық БАҚ-тың полиция нұсқасы бойынша интимді қызмет көрсетілген қонақ үйдің ұсталған қызметкерлері арасында Қазақстан азаматшасы бар деген ақпаратын жоққа шығарды.

Үндістандағы Қазақстан консулы ұсталған азаматтар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, Үндістанда ұсталған әйел Өзбекстан азаматы болып шыққан.

Еске сала кетейік, бұағн дейін Үндістанның Пенджаб штатында полиция қызметкерлері рейд кезінде болжам бойынша интимді қызмет көрсеткен қонақ үй қызметкерлерін тұтқындағанын, олардың арасында Қазақстан азаматшасы да бар екені жайлы ақпарат тараған.

Бұл мәліметтің қаншалықты рас екенін анықтау үшін NUR.KZ редакциясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа жүгінген болатын.

Ол өз кезегінде жарияланған деректерді Қазақстанның Үндістандағы елшілігі тексеретінін хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839983-sim-ndistanda-kazakstan-azamatsasy-staldy-degen-akparatty-zokka-sygardy/

pixel