RU
БАҚ: Ауғанстанда 13 бала белгісіз дерттен көз жұмды

БАҚ: Ауғанстанда 13 бала белгісіз дерттен көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Ауғанстанның солтүстік-шығысында орналасқан Бадахшан провинциясында пневмонияға ұқсас белгілері бар аурудан кем дегенде 13 бала көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ауғанстандық TOLOnews телеарнасының ақпарынша, Бадахшан провинциясы Ямган уезінде пневмонияға ұқсас аурудан соңғы үш күнде кем дегенде 13 жеткіншек қайтыс болған.

Ауғанстан билігі аталған оқиғаға байланысты әзірге ешқандай ақпарат берген жоқ.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Ухань қаласында пневмонияның өршуі туралы мәлімдеді. Аурудың қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі 2019-nCoV екені анықталды.

Соңғы деректерге сәйкес, аспан асты едлінде коронавирустан көз жұмғандар саны 636 адамға жеткен. Ал өлімге әкеп соғатын дертке шалдыққандар саны – 31 161 адам. Сондай-ақ елде вирустан құлан-таза айығып кеткендер де бар. Олардың саны – 1540.

Сонымен қатар Оңтүстік-Қытай ауыл шаруашылығы университеті мен Линнань-Гуандун заманауи ауыл шаруашылығы лабораториясының мамандары зерттеу жүргізіп, вирусты таратуы мүмкін жануарды атаған болатын.

Сондай-ақ, ғалымдар әзірге жабайы жануарларға жоламауға кеңес берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel