RU

Коронавирус жұқтырған 72 жастағы әжей дәрі-дәрмексіз жазылып шықты

Таиланд тұрғыны бір апта Қытайдың Ухань қаласында болған. Дәл сол кезде қалада қатерлі вирус белең алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Настоящее время" басылымына сілтеме жасап.

Кадр "Настоящее время" видеосынан алынды
Кадр "Настоящее время" видеосынан алынды: Facebook

Ухань қаласында егде жастағы Таиланд азаматшасы коронавирус жұқтырып алған. Басында әжей өзін шаршағандықтан жайсыз сезіндім деп ойлап, мән бермеген.

Кейіннен аурудың белгілері анықталған соң оны ауруханаға жатқызған.

Алайда, ең қызығы – дәрігерлер әжейге вирусқа қарсы ешқандай дәрі-дәрмек бермепті. Оның ағзасы өз күшімен вирусты жеңіп шыққан.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Ухань қаласында пневмонияның өршуі туралы мәлімдеді. Аурудың қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі 2019-nCoV екені анықталды.

Соңғы деректерге сәйкес, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 636 адамға жеткен. Ал өлімге әкеп соғатын дертке шалдыққандар саны – 31 161 адам. Сондай-ақ елде вирустан құлан-таза айығып кеткендер де бар. Олардың саны – 1540.

Аспан асты елінен тыс жерде 190-нан астам адам қатерлі вирусқа шалдыққан, олардың біреуі қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған вирустың өршуін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды.

Сондай-ақ Германияда 13 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған.

Ал Ауғанстанның солтүстік-шығысында орналасқан Бадахшан провинциясында пневмонияға ұқсас белгілері бар аурудан кем дегенде 13 бала көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1839996-koronavirus-zktyrgan-72-zastagy-tailand-azamaty-dri-drmeksiz-zazylyp-sykty.html