Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абаев қазақстандықтарды митинг туралы заңды талқылауға шақырды

Опубликовано:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Дәурен Абаев қазақстандықтарды "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасының тұжырымдамасын талқылауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр өзінің Facebook парақшасында аталмыш заңға қатысты жазба жариялап, отандастарын оны талқылауға шақырды. Дәурен Әскербекұлының мәлімдеуінше, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Ашық үкімет" порталында нормативті-құқықтық акт концепциясының мәтінін жүктеп қойған.

Абаев Қазақстан президенті аталмыш заңды даярлау тапсырмасын қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында бергенін айтты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіның қызметкерлері заң құрылымымен таныстырды. Министрдің хабарлауынша, НҚА-да алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеде алынған бірқатар жаңашылдықтар ұсынылған.

Абаев заң жобасына қатысты өз ой-пікірін қалдырып, оны талқылауға шақыруда. Оны он жұмыс күн ішінде жасауға болады. Министр әрбір азаматтың пікірі қарастырылатынын айтты.

"Қазақстан Республикасында бейбіт шерулерді ұйымдастыру мен өткізу тәртібі" жөніндегі заң жобасы концепциясының мәтінін мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1839998-abaev-kazakstandyktardy-miting-turaly-zady-talkylauga-sakyrdy/

pixel