RU
Нұр-Сұлтандағы коронавирус жайлы қауесет: Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді

Нұр-Сұлтандағы коронавирус жайлы қауесет: Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі елордалық медицина университетінде оқып жатқан студенттің коронавируске күдіктелуіне қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство өкілдері аталмыш ақпаратты қауесет екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп медуниверситет студентін ауруханаға жеткізгенін растады. Алайда, тексеріс жүзінде оның коронавируске шалдықпағаны анықталды. Дәрігерлер одан өткір бронхит тапқан.

Министрлік қызметкерінің сөзінше, бұған дейін елордалық көпсалалы медициналық орталыққа жеткізілген қытайлық әйелден де қауіпті вирус анықталмаған.

Белгілі болғандай, келіншекті медициналық мекеменің инфекционист дәрігері қарап шыққан. Оған қоса, одан лабораториялық-диагностикалық зерттеу жүргізуге тиісті анализдер алынды.

Аталмыш зерттеу жұмыстарын негізге ала отырып, коронавирус пен ЖРВИ диагнозы алынып тасталынды.

Науқасты ауруханаға жатқызатындай дәлел болмағандықтан, оны өзі тіркелген поликлиникаға бақылауда ұстау үшін жеткізді.

Сонымен қатар, маман елорда поликлиникалары карантинге жабылып қалғаны жайлы ақпаратты да жоққа шығарды. Нұр-Cұлтандық денсаулық сақтау мекемелері шаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

ҚХР-дан келген азаматтар мен олармен байланыста болғандардың жағдайы телефон қоңырауы мен аулаларды аралау тәсілі бойынша бақылауда ұсталынуда.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық тұрғын әлемді коронавирустан құтқарудың жолын тапұанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel